Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында дизельді генератор шығаратын «New Technology Ltd» ЖШС-ы орналасқан. Онда жылына 300 дана дизельді генератор өндіріледі.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталмыш мекеменің жұмысымен танысты.
Жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асты. Құны — 300 млн теңге. Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өнімнің 70 пайызы – ішкі нарықта саудаланса, қалған 30 пайызы Өзбекстан еліне экспортталады.
Кәсіпорында альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектер де өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген болатын.
Зауыттың жұмысымен танысқан шаһар басшысы жұмысшы санын және өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерді – ауруханалар мен мектептерді жергілікті өндіріліп жатқан дизельді генераторды тұтынуға шақыру керек деп тиісті басшыларға тапсырма жүктеді.