Шəкəрім Құдайбердіұлы қазақтың ұлы данышпан ойшылы, қазақ философиясының негізін қалаушылардың бірі екендігі мәлім. Шәкәрім жеті жасында әкесінен жетім қалды, десе де Құнанбайдың кенже немересі әрі Абайдай ағасы бар бала – Шәкәрім материалдық, рухани жағынан да жоқшылықпен жетімдік көрмей өсті. Бала күнінен зерек әрі талантты табиғатынан дарынды болып өсті. Олай деуіміздің бірден-бір себебі Абай болатын. Оны жастайынан оқу білімге үйретіп, «Пайда ойлама, ар ойла, талып қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өсті. Шәкәрім бар өмірін ілім-білімге арнап, білім жолында көп ізденді. Шәкәрімнің шығармашылығындағы алғашқы жазған өлең-жырлары жастарға арналған болатын. Шәкірмнің өзге де ағартушылардан ерекшелігі өмірін өлеңдетіп, қағаз беттеріне түсіргендігінде. Ол ар-ұят, намыс жайында көптеген өлеңдер жазып қалдырған. Оның бар өмірін білімге ғылымға арнағандығына өлеңдері дәлел.
Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық
Талапқа алты түрлi ноқта тақтық.
Алтауының iшiнде ынсап әдiл,
Өзгесiнiң тiзгiнiн соған ұстаттық.
Шәкәрім жасы он бес — он алтыдан асқан соң, өнерін өркендетіп, ақындығын жаңғыртып, ғылым жолына бет бұрды. Ол түрік, араб, парсы, орыс тілдерін сондай-ақ шағатай тілін меңгерген болатын. Өз шығармаларында жастарға өсиет етіп, білімге бет бұруға үндейтін. Сондай бір сапарларының бірі Қажылық сапары болатын. Стамбул кітапханаларында болып, көптеген ғалымдармен жолығып, өз ілімін ұлғайта түсті. Жасы жиырмадан асқан соң, дінге бет бұрып, дініи лирикалық ой толғауларын жаза бастады.
Бұл кездегі діндердің бəрі – нашар,
Ешбірі түзу емес, көңіл ашар.
Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді,
Тексерсең ойың түгіл жаның сасар.
Əлемдегі діндердің түп мақсұты
Үш нəрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай – бар, ұждан – дұрыс, қиямет – шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар,- деп жырлаған боолатын.
Әлемнің ең озық, ғалымдары, жауһарлары Аристотель, Ибн сина, Платон, Сократ, Әбу насыр Әл-Фараби сынды философ ғалымдардың еңбектерін оқып, зерттеп қазақ халқының ағатушылығына өз үлесін қосқандығы мәлім. Шәкәрім тек қазақ философы ғана емес, туыстас түркі халқы сонымен қатар Шығыс мәдениеті мен орыс халқы, Еуропа елдерінің философиялық ой танымдарын зерделеп, қазақтың дәстүр шариғатына негіздеп, ағартушылық ілімін жаңғыртып, әрі қарай дамытқан ойшыл. Шәкәрімнің діни лиркалық ой толғаулары, шариғатқа негізделіп, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырылған болатын. Шәкәрім тек ақын философ қана емес, аудармашы болған. Көптеген тілдерді меңгеріп, аударма жасауды үлкен жауапкершіліке санаған.
Қазақ халқының ақын, жыршы, батырлары да келер ұрпаққа деп өсиет, насихат қалдыратынғын мәлім. Шәкәрімнің де болашақ келер ұрпақ үшін қалдырған асыл мұрасы өте көп. Солардың бірі мыналар:
«Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын»
«Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды».
Келер ұрпақ ақын жазушыларымыздың еңбектерін бала күнінен бойына сіңіріп өссе, көзі ашық, көкірегі ояу нар тұлғалы азамат болуына кәміл сенім мол.
М.Құрманбек
Теолог маман