Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Тән азығы мен жан азығы

Тән азығы мен жан азығы

Кез келген халықтың ұлт болып қалыптасып, дамуы үшін рухани ұстындар мен тіреуіштер керек. Онсыз қазіргі жаһандану заманында ұлттың ұлт болып өмір сүруі қиындап барады. Ұлттық құндылықтарымен өмір сүріп, болмысын сақтай білген халықтар ғана мемлекет болып өмір сүріп жатқан жайы бар. Мысал келтірер болсақ, қытайлар – Конфуцийді, өзбектер – Науаиды, түрікмендер – Мақтымқұлыны, қырғыздар – «Манас», якуттар – «Олонхо» жырларын ұлттық идеологиясының негізі етіп алған. Ал қазақ үшін қашанда ұлттық идеологияның негізі – Абай.
Қоғамның тазалығы әрбір адамның өзінің жеке тазалығына мән беруінен басталады. Демек, жан тазалығы мен тән тазалығы адамзат үшін бәрінен де маңызды болуы керек.
Тазалық деген сөздің өзі адамзат баласына егіз ұғым. Адам тән тазалығымен де жан тазалығымен де Аллаға жақындайды. Асыл дінімізде тазалыққа қатты көңіл бөлінеді.
Қазақтың дана да дара ұлы тарихи тұлғасы Абайдың жетінші қара сөзі тән мен жан азығын ажыратудағы ең үлкен нұсқаулық сынды.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды.
Біреуі – білсем екен демелік. Білетіндер мен білмейтіндер тең емес. Тәнімізге азық болар білімнің ең тереңі Алланы танумен оған деген махаббатымыз бен оны тану жолындағы ілімімізбен толықпақ.
Ақылмен танылатын жанның қадірі, көзбен көрінетін тәннен жоғары тұрмақ. Адамның жасаған қандайда бір амалы оның осы – жан дүниесіне, жүрегіне нұр беретіндей болғаны абзал.
Абайдың:
Тән сүйгенін бермесе,
Жан шыдамас жаны ашып.
Бере берсең – бер десе,
Үміт етер таласып,-дегеніне қарағанда, жанды қанша әулие тұтқанымызбен, Жанның өзі Тәннің беретін ырыздығынан аса дәмелі әрі онсыз дербес өмір сүре де алмайтын сыңайлы.
На­маз – адам ба­ла­сы­ның тән та­за­лы­ғы мен жан та­за­лы­ғы. Рух азы­ғы мен ар азы­ғы. Адам на­маз ар­қы­лы Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға тағ­зым етіп, өзі­нің пен­де­ші­лі­гі­не тәубе ете­ді.
Рағд сү­ре­сін­де: «Бі­ліп қой­ың­дар! Жү­рек­тер тек қа­на Алланы ес­ке алу ар­қы­лы жай та­ба­ды»,-деп, ғи­ба­дат жа­са­ған уа­қыт­та ға­на ру­хы­мыз ер­кін ты­ныс алып, жү­ре­гі­міз жай тауып, жан дү­ниеміз ты­ныш­тық­қа, шек­сіз ра­хат­қа қауы­шып, ерек­ше ләз­зат­қа бө­ле­не­ті­нін біл­ді­ре­ді. Мысал келтірсек, ғи­ба­дат – ру­хы­мыз­ға қо­рек, жү­ре­гі­міз­ге ши­па, де­не­міз­ге сау­лық, ақы­лы­мыз­ға ту­ра­лық, ерік-жі­ге­рі­міз­ге қуат, се­зім­де­рі­міз­ге ке­мел­дік, әл­сіз­ді­гі­міз­ге сүйе­ніш сый­лай­ды.
Адам Алланың көркем түрде, ерекше махаббатпен жаратқан жаратылысы. Барлық әлемдердің Раббысы жаратқан мақұлықтарының ішінде адамға ғана ой-сана, ақыл берді. Сөйлеу қабілетіне ие қылды.
Сол үшін де саналы түрде адамзат баласы өзінің жаны мен тәнінің тазалығы үшін үздіксіз дамып, білім алып, мінезін әсемдеп таза ішіп, таза жүргені дұрыс. Нахыл сүресі 78-аятта: «Алла сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабілетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер». Адам бойындағы барлық күшін қоршаған ортадан, алыс-жақын дүниеден алатыны белгілі. Соны сезіну, тану, білу арқылы ұғады, білімін арттырады, ойын толықтырады.
Адамзат баласына тағы бір берілген үлкен нығмет ол таңдау. Күн сайын, сағат сайын, тіпті секунд сайын таңдау беріледі. Өзіңе деген құрмет пен махаббатпен жаның мен тәніңді тең ұстау нағыз адамдық қасиет. Сыйлы болу мен сыйлай білу де жан мен тән азығының көрінісі.
Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Жетісай ауданындағы теолог маманы: Ә.Болат444

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*