Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Діни сауаттылық

Діни сауаттылық

Қазақ даласында тәуелсіздік алғалы ата баба діні мен салт-дәстүріміз қайта жанданып, тынысымыз кеңейіп көптеген рухани құндылықтарымызға қол жеткіздік.
Қазақ баласының өз руханиятына қайта қауышып діни ілім білімін жетілдіруге талпынған жастарымызға өз жымысқы араңдату арам пиғылын астыртын тықпалап, діни наным-сеніміне селкеу түсіріп сергелденге салатын жат ағымдарда кеңінен етек жайғаныда баршамызға аян.
Сол діни жат ағымдардың бірі – сәләфизм ағымы. Бұл жат сәләфизм ағымы он қайнаса қазаққа сорпасы қосылмайтын әрі рухани мәдени құндылықтарымызды, салт дәстүрімізді анық ашық мойындамайтын еліміз үшін жат ағым.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламаларының пәтуаларына құлақ аспайтын, өздерін тек қана Сауд Арабиясымен ғана байланыстыратын бұл ағым жергілікті ҚМДБ тарапынан бекітілген имам ұстаздарға да бағынбай мешітте жиі бүлік шығаратын, өздерінің ұстанымдарынан қайтпайтын сана сезімдері әбден уланған қазақтың бірлігіне, ел тыныштығына өте қауіпті ағым.
Өз кезегінде сәләфия ағымы ақида (сенім) немесе саяси мәселелерге байланысты әртүрлі ағымдарға бөлініп, бүгінде түрлі атаулармен әрекет етуде. Қазақстанда сәләфилік бағытындағы «мадхалия», «сурурия», «тәкфир» және «хаддадия» ағымдарының жақтастарын кездестіруге болады.
Еліміз зайырлы, құқықтық мемлекет. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді.
Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы. Зайырлылық сипаты – ізгілік пен қажеттілік.
Өркениетті елдер зайырлылық дәстүрін таңдауда. Елде дінді ұстану мен бірлестіктердің жұмысын реттейтін заңдылықтарды мемлекет белгілейді және бақылайды.
Қазіргі таңда, біздің қоғамдағы Ислам атын жамылған ең үлкен қайшылық «уахабилік», «сәләфилік» бағытты ұстанушыларға қатысты болып отыр. Олардың өздерінің теріс те зиянды пікір тұжырымдарын айналасындағыларға уағыздауы жасырын емес.
Мұндай теріс әрі зияны мол амал-әрекеттердің алдын алудың жолы, сақтану жолы – білім. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнін жоқ» дегендей, дәстүрлі Исламды яғни Исламдағы Ханафи бағытында сауатымызды ашып, ізденуіміз керек.
Сонымен қатар, жауабы табылмаған діни сұрақтарыңыз болған жағдайда, білікті теолог (дінтанушы) мамандарынан, медресе ұстаздарынан мазалаған сұрақтарыңызға жауапты алуға тырысыңыздар. Шүкір, елімізде діни сауат аламын деушілерге бар мүмкіншіліктер жасалған. Білікті мамандарымыз, ұстаздарымызда жеткілікті. Сізден тек ниет және әрекет керек.
Әр саланы өз маманынан біліп, үйренгеніміз жөн. Егерде сіз «электрик» мамандығынан алыс болып, үйіңіздегі немесе тағы басқа жердегі тоққа қатысты бұзылған нәрсені реттеуге кіріссеңіз, оның арты не болатынын білесіз. Осы ретте сол жат ағымдардың бірнеше айырмашылықтарын атап кеткенді жөн көрдік:
Дін мәселесі де осындай, егер білімсіздіктен қандай да бір шешімге, тұжырымға келсеңіз, өміріңізді адасуға әкеледі. Жат ағымдардың негізгі сипаттары және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымынан айырмашылықтары:
•діни қағидаларды ақылмен түсіндіруді терістеп, Құран және хадистерді тікелей мағынасында ұғынады;
•Исламды түрлі жат әдеттер және барлық бидғаттардан тазарту қажет деп есептейді;
•Алла мен адам арасындағы уасилә (дәнекерлік) мүмкіндігін жоққа шығарады;
•зайырлы мемлекеттік құрылымды мойындамайды;
•діни көзқарасына байланысты кейбір азаматтық міндеттерден (әскери борышты өтеу, мектепке бару т.б.) бас тартады;
•зайырлы өмір салтына тән бірқатар үрдістерден (суретке түсу, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өту т.б.) бас тартады;
•матуриди және ашғари сенім мектептерін, сондай-ақ сүнниттік бағыттағы төрт мәзһабты мойындамайды;
•кез келген сопылық жолын адасушылықта айыптайды;
•ұлттық салт-дәстүрлерді бидғат әрі адасушылық деп санайды;
•сәләфилік идеологиясын ұстанбайтын мұсылмандарға төзімсіздік танытады.
Ұстаздардан дәріс алмай, білімді керек етпей, көрінгеннін айтқандарына иланып, артынан ере берсек, арты адасуға, қайғы-қасіретке әкеп соғады. Осыны әрдайым ескеріп, ұл-қызыңызға ескертіп отыруды ұмытпаңыз. Дәстүрлі дінімізде қателесуге орын жоқ.
Ә.Болат
Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Жетісай ауданындағы теолог маманы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*