Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Интернет діни ұстаз бола алмайды

Интернет діни ұстаз бола алмайды

Қазақтың ұлы ағартушы ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «…Айшылық алыс жерлерден, көзді ашып жұмғанша, жылдам хабар алғызды» деп жырлап кеткені анық. ХХІ ғасыр – виртуалды әлемнің ғасыры. Техниканың, ғаламтордың, түрлі желілік құрылғылардың дамыған кезі.
Қазіргі қоғамда, әсіресе, жастар арасында өршіп тұрған дерттің бірі әлеуметтік желі екені белгілі. Бірақ бүгінде жас ұрпақ шынайы өмірге бейімделмеген, қалыпты өмірде адамдармен қарым-қатынас, сұхбат құра алмайды, өз ойын ашық, толық жеткізе алмайды.
Виртуалды қарым-қатынастан сәл алшақтай кетсе, өздеріне бірдеңе жетіспей тұрғандай сезінеді. Жастарды компьютерсіз, телефонсыз, планшетсіз, қалдырып көріңіз. Бірден түрлі қиындықтар туындай бастайды. Себебі, жастар виртуалды әлемнен тыс жерде немен айналысу керектігін білмейді. Себебі интернет ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жаулап алған.
Жастардың ішкі күйзелісі кезінде отбасы мен достарынан таба алмаған жауаптарын әлеуметтік желіден іздеп, статустар мен парақшаларда бөлісу арқылы желідегі ағайыннан қолдау күтеді. Жастар арасында қарапайым смартфон сатып аларда, сол смартфонды барлық жағынан зерттеп, зерделеп қарап, салыстырып сатып алып жатады. Сол секілді діни мәселелерді де сол сияқты зерттеп, зерделеп, өз маманынан кеңес алуға болады.
Итернет дамыған заманда кез келген жас буын, жастар көкейіндегі өзіне керекті ақпаратты, оның ішінде діни ақпараттарды үйренуші жастардың көбісі арнайы кітаптармен, ресми діни әдебиеттерге жүгінбейді. Достарынан жеткілікті діни ақпараттарды бөліседі. Осы себептен де, діни сауатсыз болғандықтан теріс діннің ықпалында кетіп жатқандарыда кездесіп жатыр.
Адам баласы қалыпты өмір барысында кездейсоқ қайғылы оқиғамен кездесіп жатса, сол оқиғаның әсерінен өмірге деген көзқарастың өзгеруіне әкеліп соғады. Кей жағдайларда қайғылы оқиға әсерінен адамның дінге деген ойы да өзгереді, тіптен діни ұстанымы да түбегейлі өзегеретін жағдайлар да кездесіп жатады.
Мысалы, әдетте дінге мүлдем қызығушылығы жоқ адамдар, бір өлім аузынан қалған соң, құдіретті күштің барына сеніп, құдайға құлшылық ете бастайды. Кейбірінің діни дүниетанымы қалыптасып, діни ізденісте болады. Білімсіздіктің кесірінен көп жас діни манипуляцияға тез ереді. Сол сәтті қолайлы пайдаланған діни ағым мүшелері, оны өз қатарына қосып алады. Бұл да жастарға деген қамқорлықтың аздығын көрсетеді.
Бүгінгі күнде пседоуағызшылар әлеуметтік желілерде әртүрлі атаумен жүздеген чаттар мен діни сайттар ашып, өз арбау тәсілдерін жүргізеді.
Деструктивті мазмұнда уағыз жүргізетін азаматтар мейлінше:
— бет бейнесін көрсетпеуге,
— аты-жөнін жасыруға тырысады.
Жат ағым уағызшылары:
— агресивті мінез көрсету, өзге дін өкілдеріне қаталдық таныту,
— өзін және жақтастарын ғана мұсылман санап, басқаларды діннен безген немесе дұрыс жолда емес деген жек көрінішті көзқарас танытуы.
Көп жағдайда туған елден «мұсылман» мемлекетіне хижрат (көшу) жасауға шақырады. Қоғамда тек мұсылмандар өмір сүруі керек деген ойды алға тартады. Қажет болса қолға қару алып, жергілікті жүйені күшпен өзгертуге шақыратындары да болады.
Сондықтанда интернет беттеріндегі кез келген дін туралы ақпаратты 100 %-ға дұрыс деп қабылдамаңыз. Өйткені интернеттегі уағызшы сізге ұстаз бола алмайды. Ол бұрмаланған немесе тексерілмеген ақпарат болуы әбден мүмкін.
Діни үкімдер жөнінде арнайы білімі жоқ, кез келген адамдардан (пәтуа) діни үкім сұрау дұрыс емес. Пәтуә – бұл үлкен жауапкершілік. Ал қате немесе дұрыс емес пәтуа адасушылыққа алып келеді.
Дәстүрлі діни уағызшылардың насихаты мүмкіндігінше халықтың салт-дәстүрімен сабақтасып отырады. Халықты ынтымақ пен бірлікке, татулық пен бейбіт өмірге шақыру әрқашанда маңызды іс. Діни үкімдерді арнайы тіркелген ҚМДБ-ға қарасты Пәтуа бөлімі жұмыс жасайды. Сол бөлімнің дінге жауапты мамандары кезкелген діни үкімді тәтпіштеп түсіндіріп беруге дайын. Сондықтан да ғаламтор арқылы арам пиғылын жүзеге асырғысы келетін арбаушыларға алданбау үшін сақтық керек.
Қазақстанның әрбір азаматы өзінің діни сауатын арттыруға мән беріп, рухани және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мән беруіміз керек. Сондай-ақ, ғаламтор арқылы ланкестік пен экстремизм идеологияларды және жат пиғылды ағымдарға қарсы жастар арасында рухани иммунитет қалыптастыру-маңызды міндет.
Қорыта келе, бүгін бұрынғыдан гөрі, адамдардың рухани сұраныстары өсіп тұрған заманда интернет ақпараттары діни қажеттілікті қанағаттандырушы қызмет атқаруда.
Интернет заманында дәстүрлі наным-сенім бірте-бірте босаңсып, ақпараттық заман қауіп төндіре бастады. Бір жағынан, шектен шыққан діншілдік, фанатизм, екінші жағынан, дінге деген селқостық. Қай жат дінде де, қай заманда да екіжүзділік болған, бола береді.
Ж.Битанов
Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Сайрам ауданындағы дінтанушы маманы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*