Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » МӘМС: БАЛАЛАР ЦЕРЕБРАЛДЫ САЛ АУРУЫМЕН КҮРЕСТЕ ЖЕҢІС ҚАДАМДАРЫ

МӘМС: БАЛАЛАР ЦЕРЕБРАЛДЫ САЛ АУРУЫМЕН КҮРЕСТЕ ЖЕҢІС ҚАДАМДАРЫ

Шымкент қаласы №2 медициналық оңалту орталығында сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту емдері нәтижесін беруде. Церебралды сал ауруы мен тірек-қимыл жүйесі зақымдалған балалар алғашқы қадамдарын жасап, өздері жүріп – тұра алады.
Бұл — дәрігерлер мен ата-аналардың бірлесе жасаған үздіксіз ем және шыдамдылықтарының нәтижесі. Аталмыш орталықта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен жыл басынан бері 1000-нан астам оңалту қызметі көрсетілген.
Дильноза Хамидова бауыр еті баласының туа бітті кеселін жеңуге бел буған ана. Алғашқы оңалту емін дәл осы орталықта 1 жас 2 айында қабылдаған. Айтуынша, қызы еңбектеу, басын көтеріп, алғашқы қадамын да №2 медициналық оңалту орталығы дәрігерлерінің көмегімен жасаған. Қазір перзенті 10 жаста. Әлеуметтік ортаға бейімделіп, өзі жүретін жағдайға жеткен.
Мұнда неврологиялық ақауы бар және кардиохирургиялық, ортопедиялық отадан кейінгі 18 жасқа дейінгі балалар оңалту ем-шараларын қабылдайды. Медициналық оңалту орталығы ерекше балаларға қажетті заманауи қондырғылармен жабдықталған. Балаларға физиотерапиялық гидроәдіс, массаж және логопед, дефектолог, эрготерапевт,психолог, невролог, ортопед, кардиолог, физиотерапевт, реабилитолог мамандарының қызметтері көрсетіледі. Сондай-ақ 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу бөлімшесі бар.
Шымкентте бүгінгі таңда жалпы 72 медициналық ұйым науқастарға медициналық оңалту шараларын көрсетуде. Емдеу мекемелері кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша ем-дом жасайды.
ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, жыл басынан бері дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 8000-ға жуық оңалту шараларын көрсеткен. Оның ішінде 3000-нан астам қызметімен балалар қамтылған.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*