Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Білім басқармасы мен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Алан Халықаралық мектебінде «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында ашық, интерактивті сабақ өтілді.

Осыдан біраз бұрын, орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алуға және орын алған кездегі атқаратын іс әрекеттерді толыққанды пысықтау мақсатында, қала әкімінің өкіміне сәйкес, жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығуының жоспары түзілген болатын. Осыған сәйкес, департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып, білім беру мекемелерінде, ЖОО-да, колледж, аурухана, емханаларда тоқсан сайын сейсмикалық оқу-жаттығуларын өткізіп тұрады. Бүгінгі жаттығу да осы жоспар аясында өтті.

– Біз әрдайым жер сілкінісі кезіндегі тұрғындардың практикалық іс-әрекеттерін пысықтап, жетілдіріп отырамыз. Табиғи апат орын алған кезде әр адамның қауіпсіздігі көбіне өзіне байланысты. Әр адам қауіпсіздік шараларына, алғашқы іс-әреткетіне қанық болуы тиіс. Осыған орай, техниканың мүмкіндігін пайдаланып, бүгін қаладағы Білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарын бір уақытта толық қамтитын, онлайн интерактивті сабақ өткізілді. Сабаққа қаладағы 200-ден астам тікелей бір уақытта қатысып отыр. Сабақта жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет, өрт кезіндегі, т.б төтенше жағдай орын алған кездегі қауіпсіздік жайында айтылады. Сонымен қатар, сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізіп, қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға атсалысып жүр, – деді Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев.

Сондай-ақ, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен, төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департамент мамандары білім басқармасымен бірлесіп, қала мектептерінің мұғалімдерін төтенше жағдай саласы бойынша оқытқан. Нұржан Нұрханұлының мәліметінше, қала бойынша 1200 мұғалім осы оқудан өткен. Ол мұғалімдер өзі жұмыс істейтін білім ордасында балаларға әр сынып сағатында бағдарламаға сәйкес сабақ өтеді, практикамен негіздейді.

Қауіпсіздік шаралары кезіндегі іс-әрекет бойынша төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында, «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбы бойынша қазақ және орыс тілдерінде сурдоаудармасымен бейнероликтер әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік парақшаларда жарияланып тұрады.

Сабақ соңында балаларға қауіпсіздік шаралары практика жүзінде де көрсетілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*