Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкент қаласының әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді

Шымкент қаласының әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді

Шымкент қаласының әкімі Еңбекші ауданындағы Шаңырақ, Тұрдыабад Базарқақпа, Абдулабад шағын аудандары мен тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесті. Аудан халқы ең алдымен коммуналдық қызметтерге, электрмен жабдықтауға, қаңғыбас иттерді аулауға, аялдамалар орнатуға, жол белгілері мен көшелерді жарықтандыруға қатысты бірқатар кешенді мәселелерді көтерді. Жер учаскелерін заңдастыру, көшелерді көгалдандыру, жолдар мен спорт алаңдарын салу сұрақтары да қарастырылды.

Тұрғындар қоғамдық көліктер мен кәсіпкерлік нысандарының жұмысына қатысты ұсыныстарын білдірді. Мегаполис басшысы мен сала басшылары кей мәселелерді сол жерде шұғыл шешті. Күрделі мәселелер бақылауға алынып, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады. Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері мен басқарма басшыларына қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде жедел және пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Қала әкімі бірінші кезекте барлық шаралар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Базаркақпа тұрғын алабындағы көшпелі кездесу барысында қала басшысы жергілікті тұрғындардың жұмылуымен пайда болған жасыл аймақты аралап көрді. Жаяу жүргіншілер жолдарын қарастыру, қоршаулар мен бейнебақылау камераларын орнату мәселелерін қамтитын қолайлы микроклиматты қалыптастыруда және халыққа қолайлы жағдай жасауда жауаптыларға бірқатар міндеттер қойылды. Айта кету керек, бұған дейін Ғабит Сыздықбеков көшпелі кездесу аясында Абай ауданының «Самал-2», «Шұғыла», «Ынтымақ-2», «Қызылжар», «Жайлау» және «Алтынтөбе» шағынаудандарының тұрғындарымен жүздескен болатын.

Кездесу барысында тұрғындар жер қатынастары, балалар алаңдарын салу, бейнебақылау камералары мен көше жарығын орнату, жолды асфальттау және кеңейту, қоғамдық көлік жұмысы мен кәріз жүйесін тарту секілді маңызды мәселелерді көтерген еді. Сонымен қатар, «Күншығыс», «Ескі қалашық», «Химфарм», “16-шы” шағынауданы, Жандосов, Жібек Жолы және Иляев көшелерінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылаған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*