Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖАҚСАРЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖАҚСАРЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласының Тұран ауданында инфрақұрылым мәселесі қарқынды дамып келеді. Аудан аумағы 36 300 гектарды қамтып, мұнда 220,7 мың тұрғын тұрады. 21 шағын ауданнан тұратын аймақта 39 357 жеке үй, 544 көпқабатты тұрғын үй және 597 көше бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясында Тұран ауданы әкімінің орынбасары — Бекбол Аманжол Бақытжанұлы баяндады.

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 95,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2026 жылы толықтай 100%-ға жеткізілмек. Табиғи газбен қамту деңгейі де жоғары – 85,7%, ал электрмен қамту 95,2%-ға жетті. Жоспар бойынша, 2026 жылға қарай табиғи газбен қамту толық жүзеге асырылып, 2025 жылы сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші де 100%-ды құрайды. Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде. Қазіргі уақытта ауданның 57,1%-ы кәріз жүйесіне қосылған, ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 60,2%-ға дейін өседі.

Сондай ақ, 2024 жылы 42 көшеде, жалпы ұзындығы 34,8 шақырым жол төселеді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 80,2%-дан 87,4%-ға дейін артады. Қазірдің өзінде 40 көшеге асфальт төселіп, жол сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Тұран ауданындағы бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар болып отыр.

Сонымен қатар, 2024 жылы Тұран ауданындағы инфрақұрылымдық жұмыстар аясында 21 шағын ауданда 165 шақырымды қамтитын 200 көшеге 3500 дана жарықтандыру бағанасы орнатылады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта ауданның 263 көшесі жарықтандырылды, оның ішінде 69 көшеге қосымша бағаналар орнатылған. Алты көшеде мердігер мекемелер тарапынан жұмыстар жалғасуда. Аманжол Бақытжанұлының айтуынша, жарықтандыру бойынша қосымша 153 көше (оның ішінде 92 көше Басқарма тарапынан және 62 көше ABM Bulding ЖШС арқылы) тізімге енгізілді. Қазіргі уақытта 23 көшеде жұмыстар аяқталды.

Тұран ауданындағы 597 көшенің жалпы ұзындығы 697 шақырымды құрайды. Оның ішінде 153 көшеде 114 шақырым ирригациялық жүйе бар. 2024 жылы 48 көшеге 19,2 шақырым ирригация жүйесін орнату жоспарлануда. Бүгінде 11 көшеде жұмыс жүргізілуде, ал 7 көшенің ирригациялық жүйесі толығымен аяқталған. 2024 жылы ауданда 40 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр, оның ішінде 30-ы балалар ойын алаңы, 8-і кешенді алаңша (балалар мен спорт алаңдары) және 2 спорт алаңы.

Қазіргі уақытта 2 нысанда жұмыстар жүріп жатыр, 14 нысан пайдалануға берілді, ал қалған 24 нысан бойынша мердігерлер анықталуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*