Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабында №6 өрт сөндіру бөлімінің жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Жаңа нысан мемлекет тарапынан, қала әкімдігінің қолдауымен іске асырылды. Ерлан Садкенұлы көпшілікті құтқарушылар күнімен құттықтап, өрт сөндіру депосы халыққа қызмет ете беруіне тілектестігін жеткізді.
– Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін ең басты міндет – құтқару, көмектесу, қорғау, яғни өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Соңғы жылдары Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударып отыр. Оған, міне, бүгін куә болып отырмыз. Жаңа өрт сөндіру депосы оқиға орнына жету уақытын қысқартуға және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бізге қолдау көрсеткен қала әкімдігіне алғыс айтамын, – деді вице-министр.
Айдын Мейрамбекұлы қала әкімдігі тарапынан азаматтық қорғау саласына жеткілікті қолдау көрсетіліп жатқанын, бұл жұмыстар одан әрі жалғасатынын атап өтті.
Іс-шара барысында құрметті қонақтар №6 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізіп, жаңа ғимаратпен танысты. Ғимаратта барлық жағдай қарастырылған. Атап айтқанда, диспетчерлік қызмет, демалыс, жатын, ас бөлмелері, спорт және мәжіліс залы, сондай-ақ, жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы орналасқан. Жалпы 50 адам қызмет етеді.
Айта кетейік, қалада бүгінде 10 өрт сөндіру бөлімі бар. Алда олардың санын 22-ге жеткізу назарда тұр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*