Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ТЕК ҚЫЗМЕТ ЕМЕС, ҮЛКЕН АДАМГЕРШІЛІК МИССИЯ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ТЕК ҚЫЗМЕТ ЕМЕС, ҮЛКЕН АДАМГЕРШІЛІК МИССИЯ

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі — әлеуметтік сала қызметкерлері болып бекітілген. Мерекеге орай Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шарасы өтті.
Салтанатты жиынның алдында, қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қаламыздағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін №1 ,2,5 және 6 орталығына микроавтобустың кілтін табыстады. Бұған дейін микроавтобустың тапшылығын көрген мекемелер ендігі уақытта бұл кемшіліктің орны жойылды деп қуануда.
— Біздің міндет 1 жарым жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға қызмет көрсетеміз. Бүгінгі дейін газель автокөлігімен жұмыс жүргізілген еді. Қала әкімінің қолдауымен мерекеге орай жаңа микроавтобустардың кілті табысталды,-дейді №5 Аяулы алақан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Серік Бабақұлов.
Сондай-ақ, келушілер әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан қызмет алушы ерекше жандардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарынан жасалған көрмені тамашалады.
Салтанатты жиында Қуаныш Жұмабекұлы әлеуметтік сала өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
— Сіздер күн сайын қаламыздағы көмекке мұқтаж, ерекше жандарға қол ұшын беріп, олардың өміріне жарық, мейірім, сенім сыйлайсыздар. Ауыр кезеңдерде сіздердің жұмыстарыңыздың маңызы зор. Әлеуметтік қызмет — тек қызмет емес, үлкен адамгершілік миссия. Айналасынан жәрдем күткен азаматтардың қайғысы мен қиындығын бөлісіп, бірге еңсеруге аянбай еңбек етіп жүрген Сіздердің әрбіріңіз құрметке лайықсыздар, — деген қала әкімінің бірінші орынбасары салада табысты еңбек етіп келе жатқан бір топ қызметкерге ҚР Еңбек және халықты әлеумкттік қорғау министрі мен қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға қызмет көрсетіп жүрген әлеуметтік қызметкерлерде кәсіби біліммен қатар адамгершілік, мейірімділік секілді асыл қасиеттердің болуы маңызды екенін атап өтті. Мәслихат төрағасы саланың бір топ майталмандарын марапаттады.
Жиынға келген қонақтар концерттік бағдарламада “Мәдениет үйінің” өнерпаздарының өнерін тамашалады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*