Шымшаһарда жаяу жүргіншілер өткелін проекциялық жарықтандырудың сынақ жобасы іске қосылды.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов фейсбуктағы аккаунтына жазды. Бұл туралы қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық орталығы хабарлайды.
— Қаламызда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа осындай жобаны қолға алып жатырмыз. Әзірге тек Сыпырған Ата көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысы, Темірлан тас жолындағы «Satti zhol» жанар — жағармай бекетінің маңына пилоттық жоба ретінде орнатылды, — дейді
Максут Исахов.
Оның айтуынша, жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел әдеттегі жол белгілеуінен көптеген артықшылықтарға ие.
— Мәселен, проекция жаяу жүргіншіні жарықтандырады және оны қараңғыда айқын көрсетеді, автомобиль фараларының жарықтығы мен бағытына байланысты емес, түрлі ауа — райында, жолда қар, шұңқырлар, мұз, батпақтар болған кезде де көрінеді, — дейді М. Пернебайұлы.
Бұл жобаның іске қосылып, сәтті жүзеге асырылатындығына сенім білдіреміз.