Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістанда «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңес беруді мақсат еткен жиынға тәжірибелі заңгерлер қатысып, сөз сөйледі.
«Әр адам өз құқығы үшін күресуге қорықпауы керек. Заң – сіздердің ең сенімді қорғаушыларыңыз. Сондықтан әрдайым заңгерлік көмекке жүгіну қажет» — деді білікті адвокат Салтанат Көпжасарова.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақ қойып, арнайы мамандардардан жауап алды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*