Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРУДА

ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРУДА

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында есірткіге қарсы күрес жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Ғасыр дертіне қарсы күрес бір сәтке де толастамайды. Десе де есірткінің құлына айналып, өз өмірін құртып жүргендер азаяр емес. Есірткіге үйірлердің арасында жастардың саны күн сайын артуда.
Әлемді алаңдатқан қауіпті дертпен Мақтаарал ауданының полицейлері де күні-түні күресіп келеді. Осы ретте полиция қызметкерлерінің есірткі құралдарының таралуына тосқауыл қойып, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресте атқарар жұмыстары сан алуан.
Атап айтқанда Мақтаарал аграрлық колледжінде 380 студентке есірткі қылмыстарына, соның ішінде синтетикалық есірткіге қатысты сұхбат жүргізіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*