Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Учаскелік полицей боранда адасқан азаматқа көмек көрсетті

Учаскелік полицей боранда адасқан азаматқа көмек көрсетті

Түркістан облысының бірқатар өңірлерінде қар жауып, қалың тұман түсіп, ауа-райы қолайсыздығы туындауда. Ордабасылық полицейлер қолайсыз ауа-райына қарамастан жүк көліктері мен көлік жүргізушілеріне көмек көрсетіп, күшейтілген күн тәртібінде қызмет атқаруда.
Учаскелік полицей Ердәулет Төрежан аумақты патрульдеу кезінде жол жиегіндегі күртесіз ер азаматты байқайды. Жеке басын анықтау барысында Шұбарсу ауылының тұрғыны денсаулық жағдайына байланысты тұрғылықты мекенжайынан адасқанын айтты.
Полиция лейтенанты Е.Төрежан ер адамды өзінің қызметтік көлігіне отырғызып, өз күртесін жауып, тұрғынның денсаулығы қалыпқа келуіне ықпал жасады. Одан соң ер адамның тұрғылықты мекенжайын анықтап, отбасына аман-есен жеткізді. Мекенжайынан адасқан тұрғынның отбасы мүшелері өз кезегінде учаскелік полицейге алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*