Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Әрбір бала зорлық-зомбылықсыз өмірді таңдайды»: полиция 680 тұрғынға қатысты қорғау нұсқамасын шығарған

«Әрбір бала зорлық-зомбылықсыз өмірді таңдайды»: полиция 680 тұрғынға қатысты қорғау нұсқамасын шығарған

Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамда кең талқыланатын тақырыптардың бірі. Зорлық-зомбылық – өткір әлеуметтік мәселе, өйткені ол құрбандардың өздеріне теріс әсер етіп қана қоймайды, қоғамдық тәртіпке қауіп келтіреді.
Мәселен Түркістан қаласында жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 700-ден астам өтініштер мен шақыртулар түскен. Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 322 іс-құжаттар сотқа жолданған. 680 тұлғаға қатысты «Қорғау нұсқамасы» шығарылған.
Осы ретте полиция облыс тұрғындарын қандай да бір зорлық әрекеттеріне жол бермей, керісінше қарсы тұруға шақырады. Отбасындағы кез келген түсінбеушілік, ұрыс-керістің бала тәрбиесіне кері әсері барын жеткізеді. Яғни әрбір бала тату-тәтті отбасында өмір сүруге лайықты екенін алға тартады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*