Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ» тақырыбында қыздар арасында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету, жастар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.
Кездесуде Әлеуметтік қызметтер орталығының психолог маманы С.Раметова және Жастар ресурстық орталығының Ораңғай ауылдық инспекторы А.Джолдасбекова ертежүктіліктің алдын алу бойынша қыздарға түрлі мәліметтер беріп, сұрақтарына толық жауап берді.
Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы өзекті мәселелердің қатарында. ДДҰ мәліметтері бойынша, бала өлімінің негізгі себептерінің бірі — жүктілікті үзу және ерте босану.
Ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтып, қоғамнан алшақтайды және олардың денсаулықтарына қауіп төнеді.
Медициналық көрсеткіштер бойынша 19 жасқа дейінгі жүктілік ерте деп саналады. Жасөспірімдердің жүктілігі үшін ең көп таралған кезең – 15-17 жас аралығы. Дәрігерлер атап өткендей, тек он сегіз жасқа дейінгі қыздың денесі жеткілікті түрде қалыптасқан және бала көтеруге, тууға толық дайын. Ерте жүктіліктің салдарынан жасөспірімдердің 70% – ы жасанды түсік жасап, 15% — ы түсік тастайды. Қыздардың тек 15% — ы ғана сәбилерін аман-есен жеткізіп, босана алады.
Қазақстанда жасөспірімдердің жүктілігі де алаңдарлық мәселеге айналды. Қазіргі уақытта жастардың 70% — ы 15 жасқа дейін алғашқы жыныстық қатынасқа түседі. Статистикаға сәйкес, мың адамға шаққанда кәмелетке толмағандардың саны 7,9 адамды құрайды, ал жасөспірімдер арасында мың қыздың үшеуі түсік жасатады.
Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.
Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі — сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-ана баласымен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптарды оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба?! Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма?! Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.
Сонымен қатар, жүкті жасөспірім қыздар жиі айыптауға тап болады, олар тіпті ата-аналарына да болған оқиғаны мойындаудан қорқады, проблемамен жалғыз қалады. Ерте жүктілікке байланысты қыздар мектептерді тастап кетуге мәжбүр болып, осылайша одан әрі білім алуға, дамуға шек қойылады.
Жүкті жасөспірім қыз уақтылы мамандандырылған көмек және қолдау алуы керек. Бұл жағдайда дені сау баланы көтеру және босану мүмкіндігі айтарлықтай артады.
Іс-шарада, ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы екендігі айтылып, көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қала беретіні алға тартылды. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты, яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, ерте жүктілік қаупі жоғарылайды.
Сондықтан, жасөспірім жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анасымен жиі әңгімелесуі керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу қажеттілігі де бар.
Мамандар мектепте жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру, тиісті дәрістер өткізу, фильмдер көру, контрацепция әдістері туралы әртүрлі және толық ақпарат беру қажеттілігін, сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар — бір адамнан екіншісіне жыныстық қатынас кезінде берілетін аурулар жайында әр жасөспірім білуі қажет екендігіне аса назар аударды.
Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналдасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Ал жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы), жас ана тығырыққа тіреледі; білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктіліктің салдарынан болатын жиі кездесетін оқиға. Қыздар қиындықтан аман болсын!