Созақ аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы А.Манапованың қатысуымен «Сен және мен әлемді бірге өзгертеміз» тақырыбында оқушылардың постер қорғау тренингі өтті. Шараға облыс әкімінің әйелдер істері және отбасы демографиялық комиссиясының мүшесі Н.Майусова, «Бақ—Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Тұрсынбай, орталық аурухананың жауапты психологтары Н. Батырова мен Ж. Ерденова қатысты.
Шара барысында Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры О.Кәдірханұлы сөз алып, шараның өте ауқымды және қазіргі кездегі өкінішке орай орын алып жатқан зорлық – зомбылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан оң қадамдардың бірі екендігінен айтып өтті.
Тренинг барысында тақырыпты ашатын әдіс – тәсілдер мен техникалар сәтті үйлесім тауып отырды. Оқушылар ойларын еркін, нақты жеткізіп, креативті пікірлерімен бөлісті.
Топтық жұмыста жұмыла белсенділік танытып, постер қорғауда не үшін зорлық зобылықтың алдын алуда бірігіп жұмыс жүргізетінін шеберлікпен айтып шықты.
Шара соңында «Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн» белсенділік Республикалық акциясының комиссия мүшелері ой-пікір білдіріп, қатысушыларға алғыс білдіріп жиынды қорытындылады.