Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел – ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған республикалық «Зорлық зрмбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акция барысында кездесу өткізілді.
Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығының ұйымдастыруымен аудандық «Жастар сарайы» ғимаратында өткен іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Жанғазиев Бағдатбек Пердебекұлы ашып берді. Іс-шараға аудан прокуроры М.Байтелиев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Н.Ажибеков, аудандық соттың кеңсе әкімшісі Г.Мұратқызы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қалаубай, ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, орталық аурухана , жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық аталар және әжелер алқасы, БАҚ өкілдері, студенттер, блогерлер, жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, жоғарғы сынып оқушылары мен аудандағы ерікті жастар қатысты.
Жиында мәдениет үйінің қызметкерлері сахналық қойылым көрсетті. Аудан прокурорының орынбасары Б.Садыханов тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен зардабына тоқталып, аудан тұрғындарын зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге шақырды. Аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Н.Ажибеков сөз алып, полиция әйелдерге отбасында зорлық-зомбылық көрсетуші тұлғалармен де, күш көрсетушілердің құрбандарымен де бірлесіп әрекет ететін бірінші, көп жағдайда жалғыз ғана әлеуметтік институт болып табылады.
Сондықтан да, сіздерге әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге үндей отырып, тұрмыстық қылмыстыр мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырамын – деп өз ойын ашық білдірді. Аудандық соттың кеңсе әкімшісі Г.Мұратқызы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қалаубай неке бұзушылық, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық мәселелері, отбасы құндылығы жөнінде айтып өтті.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар осы тақырып бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарымен де бөлісіп отырды. Іс-шараға 220 адам қатысты.