Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ПРЕСС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ПРЕСС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан облысы Шардара ауданыда Полиция бөлімінің ұйымдастыруымен отбасылық зорлық -зомбылықтың алдын алуға арналған пресс конференция өтті.
Пресс конференцияға полиция бөлімінің басшысы Шералы Әділханұлы, аудан прокуроры Сабит Бактыбайұлы, ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, орталық аурухана , жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қамқорлық қолдау орталығы, әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, жастар ресурстық орталығы қызметкерлері мен ерікті жастар қатысты.
Жиында аудандық полиция бөлімінің басшысы Шералы Әділханұлы сөз алып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенім деңгейін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлі туралы айтып өтті.
Сондықтан сіздерге әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге үндей отырып, тұрмыстық қылмыстыр мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырамын, – деді полиция полковнигі.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар осы тақырып бойынша өздерінің сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*