Отырар аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты аудандық әйелдер форумы өтті. Форумға аудан әкімінің бірінші орынбасары А.Құлмаханов, прокуроры Е.Бахадүр, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Кемелхан мен ауыл тұрғындары мен оқушылар қатысты.
300-ден аса адамды қамтыған форумның негізгі мақсаты — Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнаманы аудан тұрғындарына таныстыру.
Алғашқы болып сөз алған полиция полковнигі Б.Нышанбаев «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты баяндама оқып, «ел болам десең бесігіңді түзе» сөзінің мағынасы терең екені өздеріңіз білесіздер. Қоғамның бесігі отбасы. Әр шаңырақта тыныштық болмай қоғамда тыныштық болмайды дей келе, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу мақсатында, полиция қызметкерлерімен «Тұрмыс», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» және «Отбасы күні» атты акциялар үздіксіз жүргізетіндігін атап өтті.
Сонымен қатар ауданда отбасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 33 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылса, ал 29 тұлғаға қатысты мінез-құлқына сотпен ерекше талаптар белгіленгендігін де жасырмады.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов өткізіліп жатқан форумның маңыздылығына тоқтала келе аудан әкімінің атынан қоғам өміріне белсене араласып, жастарға тәлім-тәрбие беріп жүрген бір топ әйелдер, аналар қауымына алғыс хаттар мен гүл шоқтарын және бағалы сыйлықтарды табыстады.
Сөз соңында ол «Сіздерді мемлекетіміздің ертеңі болатын өскелең жастардың бақытты және білімді отбасында тәрбиеленуі үшін жұмыла ат салысуға шақырамын. Біз тек бәріміздің ортақ күш салуымызбен бақытты отбасы бақытты қоғам құра аламыз-деп өзінің жүрек жарді лебізін білдірді.