«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі» және №17 колледж мекемесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, тәуелділіктің алдын-алу және отбасылық құндылықтарды ілгерілету мақсатында қыздар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жиынға Арыс аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Мырзахметова , орталық аурухана басшысының Ана мен бала жөніндегі орынбасары Гүлжамиля Максутова,»Жастар ресурстық орталығының» педагог-психолог маманы Ақбота.Үсен және колледж мамандары мен студент қыздар қатысты.
65 тен астам қызды қамтыған жиынның басты мақсаты — Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.