Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, 2024 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының, оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Осыған байланысты зорлық-зомбылық жағдайлары орын алса немесе өзге де құқық бұзушылықтарға куәгер болған жағдайда Арыс қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне «102» арнасы немесе «111» бірыңғай сенім телефондары арқылы хабарлама түсіруге болатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Арыс АПБ Жергілікті полиция қызмет тобының әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Мырзахметова басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, азаматтардың көп жиналатын орындарында отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша күнделікті 100-150 жадынамалар мен үн парақшалар таратты.