Түркістан облысы Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудағы қызметі заңнаманы дамытумен тығыз байланысты. Бұл тұста маңызды мәселе — мұндай актілердің жоғары деңгейдегі актілерге сәйкестігі.
Іс-шара барысында жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеуге жолдау барысында туындайтын жағдаяттар, сонымен бірге «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабына сәйкес енгізілген Заңның бұзылуын жою туралы ұсыныстардың уақытылы және сапалы орындау жөніндегі мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ә.БайжігітовЭталондық бақылау банкінеТүркістан облысы бойынша жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау кезінде кездесетін мәселелер бойынша түсіндірме берді.
Кеңес барысында қатысушылармен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып жан-жақты қарастырылып, жауаптар беріліп, пікір алмасты.
Департамент тарапынан өңірлік нормашығармашылығының сапасын арттыру мақсатында жұмыстар атқарылатын болады.