Түркістан аумақтық балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына облыс орталығының полицейлері арнайы ат басын бұрды. Тәртіп сақшылары осында ем-дом қабылдайтын 60-қа жуық балаға тосынсый жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ойыншықтар мен тәттілерден құралған тарту-таралғыларын үлестіріп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев балаларға зор денсаулық, оқуда табыс пен барлық арман-тілектерінің орындалуын тіледі. Өз кезегінде оңалту орталығының басшылығы жас достарын елеп-ескеріп келген полицейлерге ризашылықтарын білдірді.
Жалпы мұндай кездесулер бұрыннан дәстүрге айналған. Түркістан облысының полицейлері әрбір мерекеде мүмкіндігінше ерекше балаларға қолдау көрсетуге асығады.