Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полиция Түркістан облысында тас жолда бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті

Полиция Түркістан облысында тас жолда бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті

Полиция қызметкерлері түнгі патрульдеу уақытында Ордабасы ауданы Қарауылтөбе маңында ауа-райының қолайсыздығы мен көктайғақтың салдарынан жол жиегіне шығып кеткен «Daewoo Nexia» маркалы автокөлікті байқайды.
Бадам ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары Сейдіғали Бегайлов пен Ердәулет Төрежан дереу тоқтап, жүргізушіге көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары кептеліп қалған көлікті шығарып, дөңгелегін ауыстыруға жәрдемдесті. Осылайша жүргізуші бағытын жалғастырып, жолға шықты.
Өз кезегінде жүргізуші қолайсыз ауа-райына қарамастан өз міндеттерін орындап, қиын жағдайда көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді: «Жолда келе жатып, боран салдарынан көлігім жол жиегіне шығып кетті. Ордабасы ауданының полицейлеріне рақмет! Олар көлікті шығарып, дөңгелегін ауыстыруға көмектесті», — деді жүргізуші.
Полицейлер жүргізушілерді қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Әсіресе ауа-райы қолайсыз болған кезде немесе көктайғақта алыс жолға шықпаңыздар. Көліктеріңіздің техникалық жағдайын тексеріңіздер. Өздеріңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыздар!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*