Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ: «ХАЛЫҚҚА ӘДІЛ ЖӘНЕ АДАЛ ЖҰМЫС АТҚАРУЫМЫЗ ҚАЖЕТ!»

АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ: «ХАЛЫҚҚА ӘДІЛ ЖӘНЕ АДАЛ ЖҰМЫС АТҚАРУЫМЫЗ ҚАЖЕТ!»

Бүгін аудан әкiмi Арман Абдуллаевтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері, дербес бөлім және мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Комиссия жұмысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары Дәурен Әліпбай баяндады.
Мемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері, 2024 жылы аталған бағытта атқарылған жұмыстар қорытындысын, сонымен қатар 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Сламбек Ишановтың баяндамасы тыңдалды.
Комиссия мүшелері баяндамашыларға сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдікті болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс -пікірлерін жеткізді.
-Халыққа әділ және адал жұмыс атқаруымыз қажет. Жемқорлық әрекеттерінің белең алуына жол бермей, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу қажет,-деді аудан басшысы жиын барысында.
Арман Абдуллаев елге адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтіп, сала басшыларына сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, алдын алуға бағытталған қолданыстағы заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге нақты тапсырмалар жүктеп, сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында жүргізілген ішкі талдамада көрсетілген кемшіліктер бойынша тиесілі ретке келтіру шаралары жүргізіліп, көрсетілген кемшіліктер мерзімінде жойылуы қажеттігі ескертілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*