Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БАСТЫ МІНДЕТ – АДАЛ ҚЫЗМЕТ

БАСТЫ МІНДЕТ – АДАЛ ҚЫЗМЕТ

Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, мекеме қызметкерлері қала тұрғындарына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» мақсатында, үнпарақтар тарқатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
«Тура биде туған жоқ, олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендері ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке би, қара қылды қақ жарып, турасын айтып, қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Егер сіз, сыбайлас жемқорлықтың орын алғанын көрген болсаңыз, тиісті 1424 нөмеріне жүгінің. Сыбайлас жемқорлықтың орын алмауына өз ықпалыңызды тигізіңіз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*