Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» Республикалық акциясы аясында атсалысқан қызметкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдерін қабылдады. Арнайы алғыс хатпен марапаттап, құрмет көрсетті.
– «Зорлық-зомбылықтың алдын алу — қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігі бұзылмауы тиіс. Бұл акцияға қатысқан барлық қызметкерлерге, қоғамдық ұйымдарға және белсенді азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Сіздер қоғамдағы әділдікті, бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға, адам құқықтарын қорғауға үлкен үлес қосып отырсыздар. Әсіресе әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі — біздің болашағымыз үшін өте маңызды. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, жаңа биіктерге жету жолында баршамыз бірге күш салуымыз керек», – деді аудан басшысы.
Қабылдауда сөз алған «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова акцияның маңызы мен қоғамға тигізер пайдасына тоқталып өтті.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары