Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, Сайрам ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Отбасын қолдау орталығы” КММ-нің басшы орынбасары М. Айтбаева мен психолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарының қатысуымен “AMANAT” партиясының Сайрам аудандық филиалының ғимаратында 25-ші қараша мен 10-шы желтоқсан аралығындағы жоспарға сәйкес, “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік” акциясы аймағында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы құндылықтарды насихаттауға бағытталған және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні бойынша мемлекетіміздің қабылдап жатқан шаралары туралы халыққа кеңінен таныстыру болып табылатындығы талқыланды.