Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

«Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің теологі Назира Сауытбаеваның қатысуымен «Отырар спорт клуб» мекемесінің қызметкерлер арасында «Деструктивті діни ағымның алдын-алу» атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесудің мақсаты жастардың теріс діни ағымдардың идеологиясына түсіп қалуынан сақтандыру және оның алдын-алу болып табылады.
Жиын барысында мекеме теологы қазіргі таңдағы жастардың діни сауаты қай деңгейде олар кімнен ілім алып жүр? Деген өзекті сұрақтар төңірегінде біршама маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар ғаламтор желісіндегі өзге ағым өкілдерінің жасаған аудио,видео нұсқадағы кез-келген уағыз-насихатынан аулақ болуға және өзіміздің дәстүрлі дінімізді насихаттаушы елге белгілі ұстаздардан білім алуға шақырды.
Өз кезегінде жиынға қатысушы мамандарға өзекті тақырып аясында тұшымды жауаптар алды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*