Сауран ауданы білім бөлімі қарасты Оранғай және Шаға ауылдық окруктеріне қарасты «М.Қазыбеков», «М.Әуезов» , «Қосқорған», «Вахидов», «Әшірбек Сығай», » Молда Мұса » және «Ө.Жәнібеков» атындағы жалпы білім беретін мектептерінде «Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру » тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылармен кездесу өтті.
Кездесу барысында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас манаы Р.Әсілбек ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтыпі келген қонақтарды таныстырды.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р.Әсілбек, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зеттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек, Түркістан облысы “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сауран аудандық филиалының бас маманы Н.Оспанов қатысты.
Кездесу барысында сөз кезегін алған Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зеттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек Деструктивті діни ағымдар әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан кереғар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін атап өтті. Мекеме қызметкерлеріне деструктивті ағым өкілдерінің іс-әрекеттері және де олардың формалары жайында мол мағұлмат берді.
Кездесу барысында сөз кезегін алған Түркістан облысы “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сауран аудандық филиалының бас маманы Н.Оспанов дін азамат баласын игілік пен ынтымаққа шақырушы екенін, қоғамға және адам өміріне зиян тигізіу дінге жат екенін жеткізді. Дін адамды ұлтына бөлмей бүкіл қоғам үшін бүкіл қоғам үшін ортақ екенін айтты. Қоғамдағы ынтымақтастық пен татулықта діннің алар орны ерекше екенін түсіндірді.
Осы мақсатта оқушыларға дін мәселесін түсіндіру, дәстүрлі діннен теріс діни бағыттардың ара жігін ажырата білу және деструктивті діни бағыттарға тәуелді болудың, жат ағымның алдын- алу үшін атқарылатын шаралар мен оны жүзеге асырудың бағыт-бағдары түсіндірілді. Іс шара барысында мамандар дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын, олардың қоғамға келтіріп жатырған зияндары туралы мәлімет бере отырып, өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу керектігін түсіндірді.
Жиын барысында тақырыпқа байланысты бүктемелер таратылып, бейнеролик көрсетілді.
Кездесу соңында діни сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тұщымды жауаптар берілді.