Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШОРНАҚТА «ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА» КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШОРНАҚТА «ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА» КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сауран ауданы білім бөлімі қарасты Шорнақ ауылдық округі «Т.Айтжанов» атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру бағытында» тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылармен кездесу өтті.
Кездесу барысында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас манаы Р.Әсілбек ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып келген қонақтарды таныстырды.
Кездесуге, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зеттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Өтеген, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р.Әсілбек қатысты.
Осы мақсатта оқушыларға дін мәселесін түсіндіру, дәстүрлі діннен теріс діни бағыттардың ара жігін ажырата білу және деструктивті діни бағыттарға тәуелді болудың алдын алу мақсатында аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері «Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру бағытында» тақырыбы кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жат ағымның алдын- алу үшін атқарылатын шаралар мен оны жүзеге асырудың бағыт-бағдары түсіндірілді. Іс-шара барысында мамандар дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын, олардың қоғамға келтіріп жатырған зияндары туралы мәлімет бере отырып, өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу керектігін түсіндірді. Қазіргі уақытта жастарымыздың көбісінің діни білімінің төмендігінен алдау-арбауға оңай беріліп, адасып жатырғанын мысал келтіре отырып жеткізді. Теріс діни ағымдарға тәуелді болудың алдын алу және исламдағы отбасы мәселесі жайында кеңінен түсіндіріп, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тыйым салынған экстремистік, террористік ұйымдар туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға жауап берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*