Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Арыс қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, Мансап орталығының және «Асыл жүрек» КММ-нің қызметкерлері арасында «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Абуов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әсіл, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсен және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Н.Рыстай қатысты.
Іс-шараның мақсаты халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.
Жиын барысында тақырыпқа байланысты сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тұщымды жауаптар берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*