Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: БІРЛЕСКЕН МЕМОРАНДУМ ТҮЗДІ

ШЫМКЕНТ: БІРЛЕСКЕН МЕМОРАНДУМ ТҮЗДІ

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова және «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыходжаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мұндағы мақсат – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, этнос өкілдері арасында үйлесімді қарым-қатынастарды нығайту.

Меморандум туралы басқарма басшысы Айгерім Жұмағұлова: «Бұл ортақ құжат қаламыздағы этносаралық тұрақтылықты бекемдеуге, өзара түсіністікті дәріптеуге, этностар арасында достық пен сыйластықты нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ алдағы уақытта бірлесе қолға іс-шаралар мен жобалар арқылы қоғамдық келісім мен жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттауды көздейді, – дейді.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында түзілген меморандум ел бірлігін бекемдеуге, іс-шараларды қолдауға және бейбітшілік пен келісімді сақтау бағытында қолға алынатын жаңа жобаларды бірлесе іске асыруға септесері анық.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*