Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҮРУДЕ

ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҮРУДЕ

Шымкенттік полицейлерге коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізілуде
2021 жылдың бірінші наурызынан бастап Қазақстанда полицейлерді коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинациялау жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес бірінші кезекте вакцинаны медицина саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады.
Елімізде пандемия басталған сәттен полицейлер медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте қызмет атқарды. Яғни халықпен тікелей қарым — қатынас жасайтын сала өкілдері оның ішінде: учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция, ювеналдық полиция азаматтармен тығыз жұмыс жасайды. Сондықтан бірінші кезекте қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында қызметін атақартын тәртіп сақшыларына вакцинация жүргізілуде. Вакцинация жүргізілместен бұрын медициналық қызметкерлер дененің қызуын және қан қысымын өлшеу арқылы міндетті медициналық тексерістер өткізді. Дәрігерлердің айтуынша вакцина алған тұлғалар медициналық бақылауда болады, олар айналасындағылар үшін қауіп тудырмайды және қызметін жалғастыра береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*