Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «ГҮЛДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ «ГҮЛДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТЕДІ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 6,7,8 наурыз күндері «Гүлдер жәрмеңкесі» өтеді. Мерекелік жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары сан алуан гүлдер мен әсем безендірілген гүл шоқтарын сатып алып, көктемнің шырайын сезіне алады.
Көңілді іс-шара барысында сіздерді көтеріңкі көңіл-күй, ерекше безендірілген жәрмеңке алаңы және алуан түрлі гүлдер күтеді. Сонымен қатар, жақындарыңыз бен сүйікті жандарыңызға әдемі гүл сыйлап, қуаныш пен жылулық сыйлауға керемет мүмкіндік бар.
Жәрмеңкеге қатысушыларға қойылатын талаптар:
* Бірыңғай палаткамен тұру (ақ шатыр үлгісінде).
* Тазалық сақтау.
Баршаңызды осы ерекше жәрмеңкеге шақырамыз!
Өтетін орны: Астана алаңы
Күні: 6, 7, 8 наурыз
Көктемнің шуақты мерекесін бірге атап өтейік!

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*