Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Шымкент қаласының аумағында көктемгі егіс науқаны басталды. Биыл 23 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары: дәнді дақылдар – 7,0 мың га (бидай – 5,8, арпа – 1,2), майлы дақылдар – 3,3 мың га, мал азықтық дақылдар – 10,9 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары – 1,7 мың га, картоп – 0,1 мың га егіледі.

Егіс көлемінен 81,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Сонымен қатар, 2025 жылға шаруашылықтардан жалпы 919 тонна дизель отынына өтінім қабылданған. Көктемгі егін егу жұмыстарына – 616 тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына – 303 тонна жанар жағар май бөлінеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*