Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП КЕҢЕСІ: МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – ҚОҒАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП КЕҢЕСІ: МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – ҚОҒАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Галымжан Алматов педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен кездесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Білім Саласындағы Департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и люди учатся
Кездесуде педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау, мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынасы, ұжымдағы ауызбіршілік пен сыйластықты сақтау мәселелері қозғалды. Ғалымжан Бауыржанұлы мектеп ұжымының бірлігі мен өзара түсіністігін нығайту күн тәртібінен түспеуі керектігін атап өтті.
— Ұстаз болу – қоғамның алдында да, ар-ұяттың алдында да жауапты болу. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері осы қағиданы басшылыққа ала отырып жұмыс істесе көп нәрсе ұтар еді. Мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру күн тәртібінен түспеуі керек, — деді департамент басшысы.
Возможно, это изображение 2 человека и люди учатся
Бастыкова Гүлбаран Жусипкызы– Мәдени жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы өз баяндамасында кеңестің жұмысы туралы айтып, мектеп ұжымындағы этика мен әдеп нормаларын сақтау бойынша жүргізілген жұмыстарына тоқталып өз тәжірбиесімен бөлісті.
— Біз ұстаздардың қызметіне қатысты түскен арыздарды қарап, әділ шешім шығару үшін барымызды саламыз. Кикілжіңдерді өз арамызда сыртқа шығармай шешеміз. Балаға деген әділдікке қатты назар саламыз. Таныс арқылы баға қоюға қадағалау жасап, нәтижесінде олқылықтарға орын бермедік, — деп өз пікірін білдірді.
Өз кезегінде Департамент басшысы педкеңестің басшылықтың ықпалына берілмеуін, баға қою мәселесін педкеңес қарамайтындығын түсіндірді. Білім сапасын педкеңесте қарау керектігін және түзететін мәселені де дұрыс жазып, шешімді тек ұсыныс ретінде жазу қажеттігін айтты. Басшы қолындағы заңнамаларға сүйеніп, шешім шығаратынын, егер педагогтер бір-бірімен мәмілеге келсе, қараусыз қалдыруға болатынын жеткізді.
Жиын барысында педагогикалық әдепке қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Қатысушылар мұғалімдердің әдебі мен жауапкершілігі, ата-аналармен және оқушылармен қарым-қатынасы, мектептің атмосферасы туралы ойларын ортаға салды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Қатысушылар пікір алмасу барысында №190 бұйрық негізінде педагогикалық әдепті сақтау арқылы мектеп ұжымындағы ынтымақтастық пен татулықты нығайту қажеттігін атап өтті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*