Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТ: МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкентте карантин шараларын сақтауды қадағалайтын мобильді топтардың жұмысы күшейтілді.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты карантин талаптарын сақтауды бақылайтын мобильді топ күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасап жатыр. Бүгінде қала аумағында санитарлық — эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олармен бірінші сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, карантин режимін сақтамаған 17 нысанға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бүгін Абай ауданы аумағында орналасқан «Авто — нұр» және «Алаш» сауда базарларын аудан әкімі Бұхарбай Парманов өзі аралап, карантин талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, шара барысында адам көп жиналатын аялдамаларда, қоғамдық көліктердегі жолаушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бетперде таратылды.
Аудан аумағында жалпы 11 базар, 3 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан орналасқан. Осы нысандардағы карантин талаптарының тиісті дәрежеде орындалуын бақылау мақсатында Абай аудандық әкімдігі тарапынан 6 мобильді топ құрылған. Олармен жыл басынан бері 227 хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*