Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АУРУХАНАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АУРУХАНАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар ауруханаларды аралап, жай-күйімен танысты. Алдымен Асар шағын ауданында орналасқан қалалық клиникалық балалар ауруханасына барды.
Медициналық мекеме эпидемиялогиялық жағдай ушықса 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдауға дайын. Бұл үшін ауруханада 60 төсек орынға дайындалған жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды. Инфекцияға шалдыққан балаларды емдеу үшін ауруханада медицина мамандары жеткілікті. Сондай-ақ емдеу мекемесі заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған.
Инфекциялық ауруға шалдыққан балаларды ауруханада қабылдау үшін арнайы жоспар дайындалған. Мұндай науқас балалар бөлек бокстарда қабылданып, емдеу шаралары тиісті тәртіппен жүргізіледі.
Айта кетейік «Асар» шағын ауданындағы балалар ауруханасында былтыр көпбейінді провизорлық орталық ашылған болатын. Мұнда инфекцияға шалдыққан 100-ден аса бала дертінен сауығып шықты.
Шаһар басшысы кейіннен Нұрсаттағы перинаталдық орталықты аралады.
Шымкент қаласындағы перинаталдық орталық коронавируске шалдыққан жүкті әйелдерді қабылдайды. Бұл үшін орталықта 30 орынға лайықталған провизорлық бөлімше ашылды.
Ауру өршіген жағдайда мұндағы дәрігерлер инфекцияға шалдыққан жүкті әйелдерді қабылдап, медициналық көмек көрсететін болады. Орталықтағы провизорлық бөлімше 100 пайыз оттегі нүктесі мен ИВЛ аппараттарымен жабдықталған.
Коронавируске шалдыққан жүкті әйелдерді емдеу үшін орталықтағы 200-ден аса медицина маманы арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін арттырды. Орталықтағы қабылдау бөлімінің мамандары эпидемияға байланысты науқастарды таза және лас аймақтар бойынша қабылдап, арнайы тәртіппен медициналық көмек көрсетеді.
Қала әкімі өткен жылдағы қателіктерді болдырмау үшін барынша дайындықты күшейте түсу керектігі жөнінде сала басшысына тапсырма берді.
«Медицина саласы қателікті кешірмейтін, адам өмірімен тікелей байланысты сала. Сондықтан ауруханалар мен емханалардағы әрбір жағдай қатаң бақылауға алынсын» деді Мұрат Әйтенов.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*