Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА «ҮЗДІК ОПЕРА ӘНШІСІ» ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА «ҮЗДІК ОПЕРА ӘНШІСІ» ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы тағы да топ жарды.
Бұл жолы Мәскеу үлкен театрында өткен «Браво» халықаралық байқауында кәсіби музыка номинациясы бойынша «Әріптес елдің ең танымал классикалық орындаушысы» жүлдесін жеңіп алды.
Биыл қаңтар айында Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған болатын. «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі.
Ол 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген. Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын-соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді.
Айта кетейік, Майра Мұхамедқызы жетекшілік ететін театр ұжымы наурыз айында Шымкентте тұңғыш рет «Домалақ Ана» операсын сахналаған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*