Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҰРЛЫҒЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҰРЛЫҒЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Қазіргі уақытта ұялы телефон қылмыскердің көздеген өте оңай олжасы болып тұр. Сондай жағдайлардың бірі жақында қаладағы көлік жөндеу орталығында орын алды. Белгісіз біреу 1995 ж.т. азаматтың көлігінен «Хуавей» маркалы ұялы телефонын қолды қылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында 1981 ж.т. қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұрланған зат тәркіленді. Тәртіп сақшыларымен ұрлық жайтына сәйкес тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» хабарлайды.
Ұялы телефонның ұрлануы көп жағдайда сол телефон иесінің өзінің ұқыпсыздығы салдарынан болып жатады.
Ұялы телефон ұрлығы – бұл қылмыстың ең көп таралған түрі. Өкінішке орай, ұялы телефон ұрланса, оны кері қайтарып алу да оңай шаруа емес. Ұялы телефонның ұрлануына жол бермеу үшін мынадай қарапайым ережелерді еске сақтаған жөн:
— телефонды мүлдем танымайтын және дұрыс танымайтын адамдарға беруге болмайды;
— көшеде жүргенде, әсіресе түнгі уақытта телефоныңыз шырылдаса, бұл айналаңыздағы адамдардың және қылмыскердің назарын бірден аударады. Сондықтан телефонды вибрация режиміне қойғаныңыз абзал;
— қоғамдық көліктерде және басқа да халық көп жиналатын жерлерде ұялы телефонды белдігіңізге іліп қою немесе оған арнайы шнур тағып, мойныңызға іліп жүру қажет, болмаса қолыңызға ұстап немесе киіміңіздің ішкі жан қалтасына салған жөн.
— кафе-барларда немесе би кешінде жүргенде телефоныңызды үстелдің үстіне немесе бағандардың үстіне қоймау керек.
Құрметті қала тұрғындары, егер бір жоқтың барын сезген сәтте дереу полицияға хабарласқан жөн, бұл қылмыстың бетін «ізін суытпай» ашуына септігін тигізеді. Тек бірлескен жағдайда ғана ұрлықты тиімді түрде ашуға болады. Жоғарыда аталған қарапайым ережелерді сақтау телефон ұрлығы қылмысын азайтуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*