Көліктегі полиция департаментінің Шымкент станциясындағы желілік полицияның қызметі бүгінде талай тәртіп бұзушылықпен біршама қылмыстық істің жолын кесуде. Әуе қатынасы мен темір жолдағы тасымалда азаматтардың құқығы тапталмауы үшін аптасына жеті күн тәуліктік қызмет атқаруда. Бұл өз кезегінде жолаушылардың сапарын қауіпсіз етуі үшін жасалған жағдай. Бұл туралы «Оңтүстік» арнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Желілік полицияның бастығы әуелі жұмыс кабинетінде тапсырма мен күндік жоспарды тыянақтайды. Тәжірибеде қолданып жүрген жаңа әдістерді, заңнамалық актілер мен аймақтық органдардың жұмысындағы ерекшеліктерді саралайды. Бұл таңғы уақытта жұмыс ауласында сарбаздар мен полиция қызметкерлері сапқа тұрып, кезекшілік бекітіледі. Қызметкерлерді түгендеп жүк поездарының тасымалдау ережелерін еске алады. Ең басты міндет халыққа қолайлы орта қалыптастырып, қауіпсіз тасымалды қамтамасыз ету екендігі мұндағылардың күн тәртібінен түспейді.
Тапсырмамен танысқан қызметкерлер кезекшілік аймағына аттанады. Осылайша тәулік бойы темір жол тасымалындағы жүктермен жолаушылар пойездының қауіпсіздігін бақылайды. Әуе қатынасындығы қоғамдық қауіпсіздікте мұндағы мамандардың жіті назарында. Ешбір заң бұзушылық әрекет полиция мамандарының қырағылығынан тыс қалмайды.
Еске салып өтсек өткен жылы мұндағы жедел іздестіру тобының көмегімен Шымкент қаласы арқылы есірткі затын ірі көлемде тасымалдамақ болған қылмыскер құрықталды. Яғни 10 келіден астам марихуананы алып өтпек болған Б есімді азаматтың ісіне бұл қызметкерлер тосқауыл қойған еді. Қазір сот процесі жүріп жатыр.