Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Жалғыз басты әке. Бұл тіркеске әдетте құлағымыз үйренбеген. Дегенмен өмірдің сынағы адам талғамасы түсінікті. Барға қанағат пен шүкіршілік етіп келе жатқан қаншама жан ортамызда жүр. Әсіресе ұл-қызына өнегелі тәрбие мен тәлім беріп, сынаққа төзім мен сабырлық танытқан жан көбімізге үлгі. Сондай-ақ бір сәт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу — сіз бен біздің адамгершілік қасиетімізбен астасып жатқаны ақиқат. Ал жүректегі мейірім, пайым-парасат сала мен кәсіп таңдамайтыны анық. Оның ішінде азаматтарға құқықтық көмек көрсететін тәртіп сақшылары да қоғамның осал топтарына қайырымдылық көрсетуде ерекше белсенділік көрсетіп келеді. Мәселен Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының криминалистика бөлімінің қызметкерлері 62 жастағы жалғыз басты әкеге көмек көрсетті. Денсаулығына байланысты жұмыс істемейтін азамат Қайнар елдімекенінің тұрғыны. Жұбайы өмірден өткен Ерболат Дарибаев құжаттарының реттелмеуіне байланысты жергілікті әкімдік тарапынан әлеуметтік көмек алушылар тізіміне енбеген. Жалғыз ұлы жалдамалы жұмысшы. Отбасының қазіргі ахуалымен жақынырақ танысқан криминалистер сауапты істі жүзеге асыруға ниеттенген. Күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін алып Ерболат Дүйсенбайұлына өз көмектерін көрсетті. Қайырымдылық мақсатында қолға алынған игі бастама алдағы уақытта да жалғаса бермек. Себебі мейірім мен қайырымдылық — ұлттық болмысымызға тән қасиет.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*