Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БАЯНДЫ БОЛАШАҚ БАСТАУЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БАЯНДЫ БОЛАШАҚ БАСТАУЫ

Елбасының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үшінші мегаполисте Аймақтық жобалық кеңсе жұмыс істейді. Бұл туралы «Оңтүстік» арнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жобаның мақсаты – қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, орталық және жергілікті атқарушы органдармен жұмысты үйлестіру болып табылады. «Туған жер», «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық» тағы басқа  жобалар бойынша көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, ол тұтас қоғамның рухани санасының жаңғыруы әрбір адамның санасының жаңғыруынан басталуы тиіс дейді, Зәуре Оралбаева.

Бәсекелік қабілет, прагматизм. Ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы.  Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық  дамуы. Маңызды құжатта осы мәселелер айтылған. Ауқымды істердің арқасында еліміз экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани — мәдени жағынан да ілгерілеп келеді.

Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың болашақта дамуына зор мүмкіндік береді. Сондықтан, заман талабына сай өмір сүріп жүрген жастардың түйсігіне сіңдіріп, іс жүзінде жүзеге асуына қолдау көрсету маңызды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*