Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ ИГЕРІЛУІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ КОНКУРСТАРЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ ИГЕРІЛУІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ КОНКУРСТАРЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтіп, онда 2025 жылға арналған қала бюджетінің игерілу қорытындылары жасалды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Нет описания фото.

Кеңейтілген жиынға қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан әкімдері мен жауапты сала өкілдері қатысып, қаржы тәртібі мен алдағы жоспарларды нақтылау мәселелерін жан-жақты талқылады. Аппарат отырысының негізгі мақсаты – өткен жылдағы бюджеттің орындалу барысын саралау және 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алу конкурстарын уақтылы әрі тиімді ұйымдастыру тетіктерін пысықтау болды.

Қала бюджетінің орындалуы жөнінде Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев баяндама жасап, 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштердің толық дерлік орындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, қала бюджетінің кіріс бөлігі жоспардың 99,6 пайызына орындалған. Сонымен қатар бюджеттің меншікті кірістері артығымен түсіп, шығыс бөлігі 99,4 пайызға игерілген. Қаражаттың игерілмей қалған аз бөлігі негізінен республикалық кредиттердің уақытылы түспеуіне байланысты қалыптасқан.

Баяндамада әлеуметтік сала, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өзге де басым бағыттарға бөлінген қаржының толық көлемде игерілгені айтылды. Бұл – қалада жоспарланған жобалар мен бағдарламалардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Қала әкімі қаржы тәртібін сақтаудың маңыздылығына тоқталып, бюджетті тиімді пайдалану – тұрғындардың өмір сапасын арттырудың басты кепілі екенін атап өтті.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Ниязбеков баяндама жасады. Ол мәслихаттың шешіміне сәйкес Шымкент қаласының 2026 жылға арналған бюджеті бекітілгенін жеткізді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алуларға дайындық аясында 315 мекеменің жылдық жоспарлары бекітіліп, тиісті веб-порталға орналастырылған.

Сонымен қатар күнделікті және апталық қажеттіліктерге арналған тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша бірқатар конкурстар жарияланған. Конкурс рәсімдерінің уақтылы өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында салалық басқармалар мен аудандық әкімдіктерге конкурс құжаттамасын белгіленген мерзімде тапсыру қажеттігі ескертілді. Бұл өз кезегінде жұмыстардың кешікпей басталуына және бюджет қаражатының тиімді игерілуіне мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің уақтылы әрі сапалы өткізілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Ол конкурс талаптарының бұзылмауын, рәсімдердің созылып кетпеуін және ашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Нет описания фото.

Сонымен қатар аппарат отырысында қала тазалығы мәселесі де қозғалды. Қала әкімі аудан әкімдері мен салалық басқармалардың басшыларына қоқысты уақтылы жинау және тасымалдау жұмыстарын күшейтуді, аумақтардың тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз етуді міндеттеді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі екені атап өтілді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*