Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ЖАС САРБАЗ» СЫНЫПТАРЫ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

«ЖАС САРБАЗ» СЫНЫПТАРЫ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

Шымкентте спорт және шеберлік күні аясында спорттық сайыс өтті. №129 мектепте «Жас сарбаз» сыныптары арасында өткен байқауға 5 команда қатысты. Қатысушылар саптық дайындық, автоматты бөлешектеу және құрастыру сияқты жарыста өз шеберліктерін көрсетті, деп жазады «Оңтүстік» арнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.

Аталған байқау жастар арасында дене шынықтыруды кеңінен насихаттау, оларды спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа 14-17 жас аралығындағы жастар қатысты. Олар спорттық дайындық, тыныс алу органдары мен теріні жеке құралдарын пайдалану арқылы шеберліктерін шыңдады. Сайыс соңында үздіктер медальдармен және мақтау қағазымен марапатталды. Ал, аудандық кезеңнен бірінші және екінші орын алған командалар сәуір айында өтетін қалалық жарыстарда өнер көрсететін болады. Айта кету керек, №129-шы мектепте 1000-нан астам оқушы бар. Оның 600-ге жуығы әскери қызметшілердің балалары.

Мырзахан Сариев — №129 мектебінің әскери даярлық ұйымдастырушысы-оқытушысы: Жалпы бұл ісшара оқушыларға әскери — аптриоттық тәрбие беру, әскерге деген қызығушылықтарын арттыру. қазір «жас сарбаздар» сыныбында атыс дайындығы бойынша автоматты жартылай жинақтау, саптық элементтері бойынша және пневматикалық винтовкадан дәлдікке ату туралы сайыстар өтіп жатыр.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*