Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ДЕР КЕЗІНДЕ ШЕШУДІ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛДЫРЫП ОТЫР

ДЕР КЕЗІНДЕ ШЕШУДІ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛДЫРЫП ОТЫР

Бұқара бұйымтайы, халықтың мұң-мұқтажы депутаттардың жіті назарында. «Нұр – Отан» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалында қалалық мәслихатының депутаты Дария Қожамжарованың қатысуымен қоғамдық қабылдау болып,  деп жазады «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі. Жалпы, халық қалаулылары апта сайын көпшілікпен кездесіп тұрады. Сайлаушыларының үніне құлақ асып, олардың пікірін тыңдау міндет деп санайды. Осы арқылы ел ішінде туындаған мәселелерді дер кезінде шешуді дәстүрге айналдырып отыр.

Өмірәлі қарт өмірінің жазы кетіп, күзі келгенде тап осындай халге түсемін деп ойламапты. Басқа емес, 30 жыл отасқан жан жарынан зәбір көрген қария қазір өз үйінің суық дәлізінде қонып жүр. Ас-ауқатын әзер табады. Тасмейір анадан туылған бауыр еті балалары да бұдан теріс айналыпты. Қағынан жеріген зайыбының тіпті, жасы жетпісті алқымдаған ақсақалға көрсетпеген қорлығы жоқ көрінеді.

Ал, Гаухар Әбдиева — көпбалалы ана. Басында тұрақты жұмысы не, тұрақты баспанасы жоқ ана пәтерден пәтерге көшуден әбден қажыған. Үлкен ұлы жұмысқа жарап қалған. Бірақ, қысқа жіп күрмеуге келмей-ақ қойыпты. Шарасыз келіншектің көкейдегісін жіті тыңдаған Дария Пернешқызы дереу жан-жаққа хабарласып, Гауһардың ұлын құрылыс компаниясына жұмысқа орналастыруға уағдаласты.

Көпшілік пікіріне құлақ асып, елдік проблемалардың шешілуін жеделдету мақсатында депутаттар әр жетіде бір мәрте қоғамдық қабылдау өткізуде. Бұл жолғы кездесуге 5 тұрғын 5 түрлі мәселе айтып келді. Олардың дені – жұмыссыздық, әлеуметтің әлеуеті, тұрмыс сапасының төмендігі.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*