Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОНЛАЙН ЖИЫН ӨТТІ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОНЛАЙН ЖИЫН ӨТТІ

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оның туындауына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға, сондай-ақ жемқорлықтың алғышарттарын жоюға ерекше назар аударып келеді.
Осы орайда, бүгін Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев, Б.Ұзынжас Түркістан облысының мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында аталған басқарманың бас маманына қатысты қылмыстық істі тергеу нәтижесі бойынша ұсыну талқыланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруде анықталғандай, бас маман қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алған деп күдіктелуде.
Онлайн жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты іс-шараларды өз деңгейінде атқармағаны үшін тікелей басшысының жауапкершілігін қарау,мекеме қызметінде ішкі талдау жүргізу, алдағы уақытта ұжымда мұндай жағдайды болдырмау бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, қатысушылар қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістерден хабардар болды.
Жиынды қорытындылаған Департамент басшысы Асхат Жұмағали мемлекеттік қызмет — жеке бас пайдасына табыс табу орны емес екендігін жеткізіп, бүгінгі өткен жиыннан қорытынды шығарып, сеніп тапсырылған міндетті абыроймен атқаруға, бостандықты қадірлеуге шақырды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*